Асайын Байханов ақсулықтарды қала күнімен құттықтады

Асайын Байханов ақсулықтарды қала күнімен құттықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол әрбір тұрғынға алғыс білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында Ақсу қаласының тұрғындарын мерекемен құттықтады. 

– Ақсу – металлургтер қаласы. Қала құраушы кәсіпорын – Ақсу ферроқорытпа зауытында 6500-ден астам қала тұрғыны еңбек етеді. Әрбір ақсулық отбасы қалай болғанда да осы мамандықпен тығыз байланысты. Осынау айтулы мерекеде  металлургтердің барлық буын өкілдеріне – алғашқы болып бастағандарға, зауыт пен электр станциясының құрылысшыларына және бүгінде инвестициялық жобаларды іске асырып, өндірісті цифрландырып жатқандарға алғыс айтамыз, – деп жазды облыс әкімі.

Бүгінде Ақсудың металлургиялық кәсіпорындары өңір мен ел экономикасына елеулі үлес қосуда. 

– Әрине, металлургтердің жұмысы асқан шыдамдылықты, тәртіп пен ерік-жігерді қажет етеді, сондықтан металлург мамандығы қоғамда үлкен құрметке ие және солай болып қала бермек. Біз сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңізді жоғары бағалаймыз, – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі ақсулықтарға денсаулық, молшылық пен амандық тіледі.