Павлодарда ер адам биіктіктен құлады

Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ТЖД 29 мамырда сағат 17:11-де Павлодар қаласы Космонавтов көшесінде орналасқан ЖШС-нің бірінде ер адамның биіктіктен құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар жедел шақырту орнына жіберілді.
Оқиға орнына келген құтқарушылар биіктік жұмыстарын жүргізу барысында сегіз метр биіктіктен құлаған 1989 жылы туған ер адамды альпинистік құрал-жабдықтар мен қатты зембілдің көмегімен төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Өз кезегінде жедел жәрдем қызметкерлері ер адамды түрлі жарақаттармен Павлодар қалалық №1 ауруханасының политравма бөлімшесіне жеткізді.