Баянауылда өрт сөндірушілер әжені немерелерімен құтқарды

Бір баланың денесін күйік шалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауылда Ізбастин көшесінде бес бөлмелі кірпіш үйге іргелес тұрған жазғы ас үйден өрт шықты. Өрт негізгі ғимараттың ағаш конструкциясы мен төбесін шарпып, 60 шаршы метр аумаққа таралған.
– Оқиға орнына жедел құтқару топтары келіп, 71 жастағы зейнеткер әйел мен сезгіз және бес жастағы екі бала үйдің терезесінен құтқарылды, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде. – Сондай-ақ, өрт салдарынан 2009 жылы туған бала күйік жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге қаралды. Бірақ, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.
Өрттің шығу себебі анықталуда.