Павлодар ауылында заңсыз алкоголь сақталған қойма анықталды
Ер адамның көлігінен, қоймасынан контрафактілік алкоголь табылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.
- 15 ақпанда сағат 09:25-те ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде «Mitsubishi Rajero» маркалы автомашинасын ұстады. Автокөлікті тексеру кезінде салонда әрқайсысының көлемі 5 литр болатын құрамында спирті бар 15 бөтелке табылды, - деді Павлодар облысы ПД ҰҚКБ бастығы Мақсат Сапарғалиев.
Сондай-ақ Павлодар ауылындағы қойманы тексеру кезінде құрамында спирті бар 185 бөтелке және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған көлемі 100 литрлік 4 бөшке табылып, тәркіленді.
Павлодар қаласының 62 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 282 және 283-баптары бойынша әкімшілік іс өндірісі қозғалды.
Алынған өнім бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Фото: Константин Шелков