Павлодар облысында орман өртіне тосқауыл қойылды (ВИДЕО)

Павлодар облысында орман өртіне тосқауыл қойылды (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің шығуына найзағай разряды себеп болды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, 2023 жылғы 29 маусым күні Қазавиаорманқорғау және аумақтық инспекция қызметкерлері кезекті әуеден бақылау кезінде Шалдай филиалының Завод орманшылығында орман өртін анықтап, орталық диспетчерлік қызметке хабарлады. 

– Завод орманшылығының 116-ші орамында орман өрті орын алды. Табиғи резерват қызметкерлері оқиға орнына 15 минутта жетіп, 11:46-да өрт ауыздықталды. Жедел іс-әрекет орман өртінің үлкен аумаққа таралуына жол бермеді, – дейді резерватта. 

Өрт ауданы 0.02 га аумақты құрады.

Тілсіз жаумен күреске табиғи резерваттың екі өрт сөндіру көлігі, екі трактор, бір УАЗ автокөлігі, 16 қызметкер қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ргу Глпр Ертіс Орманы (@ertisormany_2003)