Бір қоқым жоқ! Белгілі продюсер павлодарлықтарға риза болды

Бір қоқым жоқ! Белгілі продюсер павлодарлықтарға риза болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алтынбек Рахметов Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қала тұрғындары мен қонақтарына ризашылығын білдірген жазба қалдырды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Қала күнінен кейінгі тазалық таң қалдырды! Бірнеше сағат бұрын «Ertis Promenade» алаңында концерт аяқталды. Мұнда 50-100 мың адам болған шығар. Енді айналадағы тазалықты қараңыздаршы. Өздерімен бірге бір нәрсе алып келген адамдар өздерімен алып кеткен. Құдды бір осыншама адам болмаған тәрізді. Павлодарлықтар, сіздер сондай мәдениеттісіздер!  Бір қоқым жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтарына концерт кезінде және шарадан кейінгі мәдениеттілік үшін алғыс білдіремін, – деп жазған продюсер.  

Желі қолданушылары «Барлығын өзімізден бастауымыз керек!», «Павлодар өте таза қала, тұрғындары да мәдениетті», «Қоқыс жинап, тазалықты сақтайтын жұмысшыларға рақмет!» деген түрлі пікірлер қалдырған. 

Еске сала кетейік, өткен сенбіде «Ertis Promenade» алаңында қала күні аталып өтті. Мерекелік кеш басталмай тұрып-ақ жағалаудың төменгі және жоғарғы бөліктері, баспалдақтары адамдарға лық толы болды. Қала күніне үш хэдлайнер шақырылды. «Евровидение-2018» қатысушысы, армян және ресейлік орындаушы Sevak'a кештің ерекше қонағы болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алмабек Рахметов (@altynbek__rakhmetov)