Бүгін Ақсу мектептері қашықтықтан оқу форматына көшті
Негізгі себеп – көктайғақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қалалық білім беру бөлімі мамандарының хабарлауынша, өңірдің барлық мектептерінде екінші ауысымдағы сынып оқушылары үйде оқиды.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 10–11 ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.
Тек кезең соңында батыс антициклоны сілемінің ықпалымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Атап айтқанда, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде ауа температурасы 22–30 градус аязға дейін, күндіз 15–20 градус аязға дейін төмендейді. Шығыста түнде 13–23 градус аяз, күндіз 12–20 градус аяз болады. Оңтүстікте түнде 10–20 градус аяз, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін күтіледі.