Павлодар облысы бал өндірісінен табыс табудан үштікке енді

Павлодар облысы бал өндірісінен табыс табудан үштікке енді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Елімізде бір келі балдың орташа құны үш мың теңгені құрады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2024 жылдың тамызында ҚР-да бал бағасы өткен аймен салыстырғанда 1,2%-ға және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға өсті. 

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, айлық динамикада еліміздің 20 өңірінің жетеуінде бағаның қымбаттауы байқалды. Солтүстік Қазақстан (4%-ға), Түркістан (3,8%-ға) және Шығыс Қазақстан (3,4%-ға) облыстарында бағалар айтарлықтай өскен. Ал, Батыс Қазақстан облысында балдың бағасы керісінше, 1,5%-ға арзандаған. Еліміздің қалған 12 өңірінде бал бағасы былтырғы деңгейінде қалды. Жыл сайынғы динамикада ең жоғары баға Түркістан облысында 31,9%-ға тіркелді. Бұдан әрі Солтүстік Қазақстан (19,2%-ға) және Жетісу (15,4%-ға) облыстары, Астана (13,2%-ға), Шымкент (12,6%-ға) тұр. 

–  Елімізде бір келі балдың орташа құны үш мың теңгені құрады. Ең жоғары бағалар Қызылорда облысында (келісі – 3,6 мың теңге), Ақтөбе (3,5 мың теңге) және Ұлытау (3,4 мың теңге) облыстарында белгіленді. Ал, Алматыда (келісі – 2,2 мың теңге), Павлодар облысында (2,5 мың теңге) және Шымкентте (2,5 мың теңге) балдың бағасы арзанырақ, – дейді сарапшылар.

Бал сату бойынша табыс табудан  өңірлік бөліністе жеке кәсіпкерлер секторында ең жоғары табыс Қарағанды облысында байқалды: 256,4%. Бұдан әрі Павлодар (63,5%) және Ақтөбе (60,4%) облыстары орын алады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында Қарағанды (256,4%), Павлодар (60,8%) және Ақтөбе (60,4%) облыстары көш бастады. Еліміздің ауылшаруашылық кәсіпорындарында сәл өзгеше жағдай қалыптасты. Солтүстік Қазақстан облысы 81,3% көрсеткішпен көш бастады. Екінші және үшінші орындарда Шығыс Қазақстан (71%) және Павлодар (52,9%) облыстары орналасқан.