Бөлшек салық: Павлодарда Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды

Бөлшек салық: Павлодарда Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық мәслихатында депутаттар мен мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері кездесіп, салық заңнамасындағы маңызды өзгерістерді талқылады. Бұл кездесудің басты себебі – жаңа Салық кодексі.

Бұған дейін мәслихат бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету құқығын пайдаланып, бұл жеңілдікті мерзімсіз етіп бекіткен болатын. Бұл кәсіпкерлерге салықтық жүктемені азайтып, қолайлы жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Алайда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда «бөлшек салық» арнайы режимі толығымен алынып тасталады. Онымен бірге мәслихаттар бұрын қабылдаған жеңілдіктердің де құқықтық негізі жойылады, – деді қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Қалалық мәслихат депутаттары жыл соңына дейін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес салық мөлшерлемесін өзгерту туралы шешім қабылдауы тиіс. Депутаттардың мөлшерлемені 50%-дан артық емес көлемде өзгертуге құқығы бар.

Жаңа шешім келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі үшін, оны 1 желтоқсаннан кешіктірмей қабылдау қажет.