Павлодарда екі жүкті әйел жөл-көлік апатына түсті
Соңғы тәулікте 103 қызметіне қоңырау шалғандардың саны артқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин мен Ломов көшелерінің қиылысында шағын автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүктіліктің 37-ші аптасындағы 37 жастағы әйел зардап шегіп, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Тағы бір оқиға Сұрағанов пен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында орын алды. Екі көлік соқтығысып, салдарынан жүктіліктің сегізінші аптасындағы 31 жастағы әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
– Соңғы тәулікте 103 қызметіне қоңырау шалу саны 10%-ға өсті. Бұл ретте облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері барлық шақыртуларға белгіленген уақытта баруға тырысуда, – деді станцияның баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, 103 қызметкерлері демалыс күндері реанимацияны сәтті аяқтады.
– Ақсу қаласының маңындағы Беловка ауылының 52 жастағы тұрғынына көмек қажет болғаны туралы шақырту келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 5 минутта жеткен.Ер адам кеудесіндегі ауырсынуға шағымданған. Ол клиникалық өлім жағдайында болған. Фельдшерлердің арқасында науқас аман қалды. Науқасты Ақсу қалалық ауруханаға жеткізді,– деді станцияда.
Айта кету керек, өткен сенбі күні жедел жәрдем станциясының қызметкерлері 684 шақыруға барған болса, жексенбіде олардың саны 746-ға жеткен.