Павлодарда әйел адам абақтыға диодты шаммен есірткі кіргізбек болған

Павлодарда әйел адам абақтыға диодты шаммен есірткі кіргізбек болған
Фото: Константин Шелков

Олар аса үлкен көлемде есірткі сақтаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, былтырғы жылдың шілде айында   сотталушы  №45 мекемеде жазасын өтеу барысында азаматшадан мекемеге есірткі өткізуді сұраған. 

– Әйел адам диодты шамдардың ішіне есірткілерді жасырып, азық-түлікпен сәлемдеме жіберген. Алайда заттарды тексеру барысында үлкен мөлшердегі есірткі – гашиш табылып,  әйел азамат уақытша қамауға алынды, – дейді  баспасөз қызметінде. 

Прокурор бұған дейін мекемеде жазасын өтеп отырған сотталушыға тағы 14 жыл қосып беруді сұрады. Ал әйел адамға 11 жыл тағайындауды ұсынды. 

Тергеу барысына кінәлілер өз кінәларын мойындап, есірткіні тек тұтыну мақсатында  алғанын айтқан.

Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сотталушылардың кінәсі олардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталады.

Ауырлататын және жеңілдететін жағдайла – кінәні ішінара мойындау, жас балалардың болуы ескере отырып, сот шешімі бойынша  мекемеде жазасын өтеп отырған ер адам 14 жылға,  есіткі өткізбек болған әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.