Екібастұзда ешкім тұрмайтын шпалды үй өртенді

Екібастұзда ешкім тұрмайтын шпалды үй өртенді
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 14:04-те Екібастұз қаласындағы 208 квартал көшесінде болып жатқан өрт туралы хабарлама келіп түсті. 

Келген өрт сөндіру қызметкерлері ешкім тұрмайтын шпалды үйдің жанып жатқанын анықтады. Дереу өртті сөндіруге кірісті. Сөндіруге екі РСК-50 оқпаны берілді, – дейді 6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, Азаматтық қорғау лейтенанты Мейірхан Балтабеков.

Өрт толықтай сағат 14:40-та жойылды. Өртенген үй жабдықтары толықтай тексеріліп, сөндірілді. 

Өрттің себебі мен келтірілген залалы анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.