Павлодар облысындағы өрт Ресей аумағына жетіп қалды

Павлодар облысындағы өрт Ресей аумағына жетіп қалды

Бұған дейін @Pavlodarnews.kz хабарлағандай, облыс басшылығы жағдайды бақылау үшін төтенше жағдай орнына ұшып кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шарпыған аумақ шамамен 400 гектарға жетті. 

- Әңгіме Шарбақты және Аққулы өңіріндегі дала орман шаруашылығы туралы болып отыр. Тілсіз жаудың Ресей Федерациясының аумағына өту қауп бар, - делінген хабарламада

Еске сала кетейік, жағдайды бақылау және бағалау үшін облыс әкімі Асайын Байханов пен төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы өрт болған жерге ұшып кетті.

Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін тұтану ошақтарын оқшаулау бойынша қажетті шаралар ұйымдастырылуда.

Өртті сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды.

Сонымен қатар, ведомстводағылар Сүгір ауылында адамдарды эвакуациялау үшін көліктер келгенін, бірақ жел бағыты өзгеріп, ауылға төнген қауіптің сейілгенін атап өтті. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді.