Павлодар облысында кәсіпкерлікті дамытуда қандай көмектер беріледі

Павлодар облысында кәсіпкерлікті дамытуда қандай көмектер беріледі
Фото: Константин Шелков

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында алты бағытты қамтитын бірыңғай кешенді бағдарлама күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қордың мақсаты елімізде микро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі құралдары - пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кредит бойынша ішінара кепілдік беру және екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдікті кредиттеу.

– Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап алты бағытты қамтитын бірыңғай кешенді бағдарлама күшіне енді, – дейді облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директоры Игорь Одинокий. Біздің өңірде «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау» және «Моно және шағын қалалар, ауылдық елді мекендер» бағыты сұранысқа ие. 

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлер несие сомасы 20 миллион теңгеге, «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында кәсіпкерлер 3 миллиард теңгеге, «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында 15 миллиард теңгеге дейінгі жобалар бойынша субсидиялар мен кепілдіктер ала алады. Сондай-ақ, «Моно және шағын қалалар, ауылдық елді мекендер» бағыты шеңберінде кәсіпкерлер кредит сомасы 1,5 миллиард теңгеге,  «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері» бағытында 1,5 миллиард теңгеге, «Қор биржасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары» бағытында сомасы 5 миллиард теңгеге дейінгі жобалар бойынша салалық шектеулерсіз субсидиялар алу мүмкіндігі бар.

Игорь Одинокий 2024 жылдың бірінші тоқсанында жалпы кредит сомасы 28,3 миллиард теңгеге 140 жаңа жоба бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар, осы ағымда несиелердің жалпы сомасы 4,8 миллиард теңгеге 47 кепілдікке қол қойылған.