Жасөспірімдер төбелесі: Кенжекөлде бір бала жарақат алды
Заңды өкілдермен және балалармен профилактикалық кеңес жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarn ews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 21 қыркүйекте Кенжекөл ауылының ЖТҚ аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы жанжал салдарынан біреуі дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
– Соңғы кезде кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал фактілері жиілеп кетті. Көбінесе бұл жанжалды жағдайлар жаппай төбелеске, қақтығысқа апарады. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған балалар қылмыстың объектісі де, субъектісі де болуы мүмкін, – дейді басқармада.
Басқармада осыған байланысты балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытын қамтуды ұйымдастыруға ерекше назар аударуды сұрайды. Балаларға әрдайым кез келген жағдайды келісім жолымен шешуге болатынын түсіндіруге кеңес береді.
Еске сала кетейік, 11 қыркүйек күні түстен кейін 6-сынып оқушысы өз екі сыныптасын жиналмалы пышақпен жарақаттады. Зардап шеккендер бұл жағдай туралы ешкімге айтпады, кейінірек медициналық көмекке жүгінді. Оқушылар амбулаторлық емделуге жіберілді. 12 қыркүйекте зардап шеккендердің ата-аналары бұл жағдай туралы білім беру мекемесінің әкімшілігіне, ал олар полицияға хабарлады. Баланың ата-анасы жазаланды. 13 қыркүйекте пышақ жарақатын жасаған оқушының мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында қаралды. Оқушы үйден оқитын болады.