Екібастұзда жасөспірімнің білегін арматура тесіп өтті

Екібастұзда жасөспірімнің білегін арматура тесіп өтті
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

15 жасар жеткіншек қоршаудан секірмек болған, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусымда сағат 23.40-та 2008 жылы туған жасөспірім темір қоршаудан секірмек болғанда білегін арматура тесіп өткені туралы хабар түскен.

– Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қоршау шыбығын кесіп, жасөспірімді босатып, жедел жәрдемге тапсырды, – деді департаментте. 

Оқиға орнында екі құтқарушы мен бір техника, сондай-ақ «102» қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.

Облыстық жедел жәрдем станциясында шақырту 23.30-да түскенін хабарлады. Жасөспірім Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылған.