Павлодарда жүргізуші жолдан шығып кетті

Павлодарда жүргізуші жолдан шығып кетті
Фото: Константин Шелков

Ол көлік тізгінінен айырылып қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 08:00 шамасында Торговая - Космонавтар көшелерінің қиылысында «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай жолдан шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Еске сала кетейік, Н. Назарбаев даңғылы мен Лермонтов көшесінің қиылысында «Chevrolet Cobalt» автокөлігі мен «Toyota Harrier» көлігі соқтығысып қалған болатын.