Екібастұзда төрт мектеп онлайн форматта оқуда
Білім беру мекемелеріндегі температура параметрлері тиісті деңгейге жеткізілгенге дейін бұл мектептерде оқу процесі қашықтықтан ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы баспасөз конференциясында Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин мәлім етті.
– Бүгінгі таңда алдымызға қойылған негізгі міндет – температуралық параметрлерді тиісті деңгейге жеткізу. Осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Сондықтан әзірге оқушылардың офлайн форматта оқығаны дұрыс, – деді Аян Бейсекин.
Оның айтуынша, санитарлық нормаларға сәйкес кабинеттерде 18 градус, дәліздерде 16 градус жылы болуы тиіс. Егер де санитарлық нормаларға сәйкес келмесе, білім беру мекемелерінде оқу процесі офлайн форматқа ауыстырылады және бұл туралы алдын ала хабар беріледі. Қалалық білім беру бөлімінің мамандары әр мектеп бойынша мониторинг жүргізеді.
– Қазіргі таңда қаладағы 25 мектептің төртеуінде жылу сапасы төмен екені байқалады. Бұл төрт мектеп бойынша жұмыс атқарылуда. Ол жерлерде жылу параметрлері санитарлық талаптарға сай болғанға дейін балаларды сыныптарға кіргізбейміз. Қалған 21 мектептің сыныптарында 18 градус бар, температура төмен сыныптарда жылытқыш қойылады, – деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр 11 ақпан, сенбі күні №7 және 11 мектептерде батареялар мен жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын тексеріп, балаларды мектептерде офлайн форматта оқытуды тапсырған болатын.