Павлодар мектебі үздік атанды
Республиканың 590 мектебі үздік олимпиадалық мектеп болу құқығы үшін күрескен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2023 - 2024 оқу жылының жалпы білім беретін пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытындысын неғұрлым жетілдіріп шығару үшін еліміздегі 100 үздік олимпиадалық мектептің рейтингін шығарды.
Олимпиада қорытындысы бойынша алты мектеп бірінші орынды, алты мектеп екінші орынды, 23 мектеп үшінші орынды иеленді.
– Нәтижесінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен рейтингке кіріп, гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 жалпы білім беретін мектеп 62-ші орынды иеленді, – деді қалалық білім беру бөлімінде.
Айта кету керек, республиканың 590 мектебі үздік олимпиадалық мектеп болу құқығы үшін күрескен. Оның құрамына халықаралық, республикалық мектеп-лицейлер, Назарбаев зияткерлік мектептері, қазақ-түрік лицейлері, мамандандырылған мектептер, IT-лицейлер кірді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша № 39 мектеп оқушылары география пәнінен бірінші орынды және ағылшын тілі пәнінен үшінші орынды иеленді.