Павлодар облысында жол мамандарын даярлауға мыңға жуық грант бөлінді
Елімізде жолшы мамандығы сұранысқа ие және жолшыларға деген сұраныс жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осы мәселені шешу мақсатында Павлодар өңірінің жолшылары атсалысуда.
Қалалық №39 орта білім беру мектебінде «Қазавтожол» ұлттық компаниясының облыстық филиалы, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын және қалалық университеттің өкілдері жас түлектерге кәсіби бағдар беру үшін кездесу өткізді.
Өзекті шараға жоғары сынып оқушылары таңдалды. Себебі, кәсіптік бағыт-бағдар беру олар үшін болашақ маман таңдауын дұрыс жасауға дәл қазір аса маңызды. Бүгін-ертең жас түлектер алдында болашақ мамандығын таңдау міндеті тұр.
Кездесуге келген жоғары санатты жол мамандары еліміздің жол саласында кәсіби мамандар тапшы екенін айтты.
– Жол құрылысы бойынша қазіргі еңбек нарығында 2 мыңға жуық жолшы қажет екен. «Қазавтожол» ҰК Павлодар филиалы мамандары айтуы бойынша Павлодар облысы автожол саласына 1500 жолшылар қажет, – дейді Көлік министрлігінде.
Казавтожол ҰК Павлодар филиалы директорының орынбасары Алмат Шойынбаевтың айтуынша, жол салаға жетіспейтін көлік құрылысы мамандары, өнеркәсіптік құрылысы мамандары, көпір салушыларды таңдайтындары аз. Биылдан бастап Көлік Министрлігі ұсынысымен жоғары оқу орындарында жол құрылысы мамандығына 1000-ға жуық білім гранты бөлінеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап, білімге деген көзқарасты өзгерту керек екенін айтты. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті. Жақсы инженерлік біліммен жастар әлемнің кез-келген жерінде бәсекеге қабілетті бола алады.
– Жол мамандарын даярлауды еліміздің 8 жоғары оқу орны жүргізеді. Бірақ «Көлік құрылысы» маманын оқып жатқан студенттердің саны көп емес. Биылдан бастап жас түлектер жол маманын таңдайтынына университет өкілдері және жолшылар үлкен сенім артып отыр, – деді ведомствода.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК талдауына сәйкес, еліміздегі тұрғын үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларында қызметкерлердің 10%-ның ғана арнайы салалық білімі бар екен. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін Жол сапа кәсіпорыны мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге бағытталған «2000 мектеп» акциясын ұйымдастырғанына 5 жыл болды.
Жолдын сапасы сын көтермейтін себебінің бірі де – білікті мамандардың жетіспеушілігі.