Павлодарлық оқушылар кітап оқып жарысады

Павлодарлық оқушылар кітап оқып жарысады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 1-11-сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті кітабым» атты облыстық байқауының қалалық кезеңі өтеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық, мәдени дағдыларын дамыту,  жазушы, филолог, Қазақстанның қоғамдық және саяси қайраткері, әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повестерін насихаттау.  

– Байқау ережесіне сәйкес қаланың 43 жалпы білім беретін мектебінде наурыз айында кітап оқу дағдыларын тартуға, 1-11-сыныптардың 30000-нан астам оқушысының қатысуымен шығармашылық мүмкіндіктерді дамытуға арналған мектеп іс-шаралары өткізілді. 1-4-сыныптарда «Жақсы кітап – жан  азығы», 5-6-сыныптарда повестерге иллюстрациялар, зияткерлік ойындар, викториналар, тестілеу, диктанттар, 7-8-сыныптарда повестерден үзінділерді жатқа оқу конкурсы өтті. 9-11-сыныптарда әңгімелер бойынша эссе жазды, – дейді ұйымдастырушылар. 

Мектептегі іріктеу турларының қорытындысы бойынша повесті жақсы білетін білгірлер 2-12 сәуір аралығында қалалық білім бөлімінің іріктеу конкурстарына қатысады. 

5-6-сынып қатысушылары арасында қалалық турларда әңгімелерге ұсынылған иллюстрациялардың іріктеу конкурсы және тестілеу өткізіледі.

 7-8-сыныптар жатқа әңгімелер үзінділерін оқу байқауына, 9-11-сыныптар «Еңсеп  - ең үздік психологиялық бейне және терең прототип», «Ақотты нар», «Ата кәсіп сыры» тақырыптарында әңгімелер бойынша эссе жазуға, қалалық турлардың барлық қатысушылары 9 сәуірде Әбішев диктантын жазуға қатысады.

Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша үздік оқырмандар облыстық оқу кезеңіне «Бояулар сөйлейді», «Зияткер – оқырман», «Көркем сөз шебері», «Сөз зергері» номинациялары бойынша бақ сынайды.