Екібастұзда № 10 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді
Білім ордасы 1983 жылдан бастап жұмыс істейді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыс әкімі жұмыс сапарымен қаланың бірнеше мектебіне барып, ғимараттардың жай-күйін қарап қайтты.
– Биыл 40 жылдық мерейтойы болған № 10 мектеп толық жобалық қуатта жұмыс істеп тұр. Бүгінде онда екі ауысымда 1500-ден астам бала білім алуда. Бұл жерде шатыр мен мәжіліс залы күрделі жөндеуді қажет етеді, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Сонымен қатар, аймақ басшысы 23 мектепте болды. Ол жерде ғимараттың терезелері мен есіктерін ауыстыру, спорт алаңын орнату қажет. Барлық жобалар бойынша тиісті құжаттама дайындалуда. Жобаларға облыстық бюджеттен қолдау көрсетіледі. Асайын Байханов білім беру басқармасына осы жобаларды бақылауға алуды және оларды келесі жылы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram