Павлодарлық оқушылар қонақтарға қызмет көрсетуден сынға түсті

Павлодарлық оқушылар қонақтарға қызмет көрсетуден сынға түсті
Фото: Павлодар сервис және тамақтану колледжі

Сервис және тамақтану колледжінде «Junior Skills Pavlodar – 2024» аймақтық байқауы өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 Конкурстың мақсаты –  оқушылардың жеке кәсіби тәжірибесін қалыптастыру және жұмысшы кәсіптерінің беделін дәріптеу, өңірдегі кәсіптік даярлық пен біліктілік мәртебесі мен стандарттарын арттыру.

–  Жарыс бағдарламасы «Модуль-Бистро» қызметі, зығыр майлықтарды 10 түрлі жолмен бүктеу, «Модуль-банкет-фуршет», үстелді әзірлеу, қонақтарға қызмет көрсету кезеңдерінен тұрды, – дейді облыстық білім беру басқармасында. 

Байқауға 9-сынып оқушылары №11 ЖОББМ оқушысы Вероника Шриок, №28  ЖОББМ оқушылары Арина Рубленко мен Милана Казмала, №35 ЖОББМ  оқушысы Ерсұлтан Базарбай, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорынан  Людмила Золотых,  Николай Золотых қатысты. 

Жастардың өнеріне облыстың бас сарапшысы, техника ғылымдарының магистрі Альмира Садриденова баға берді. 

Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға аймақтық конкурсқа қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Бірқатар мектеп оқушылары биыл аталған оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірді.