Екібастұзда тұрғын үй несиесіне өтінімдер қабылдау басталды
Бағдарлама жас мамандарға арзан шарттармен тұрғын үй алу мүмкіндігін береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Ертіс Жастары» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесіне өтінімдер қабылданады.
Өтінімдер Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайында орналасқан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 319-кабинетінде қабылданады.
Бөлім сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) жұмыс істейді.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 (708) 801-47-37 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.