Павлодарлық ХҚКО-лар аумақтарын қоқыстан тазартты

Павлодарлық ХҚКО-лар аумақтарын қоқыстан тазартты
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы

Сондай-ақ абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасын қолдап, облыс қалалары мен аудандарында сенбілік өткізді.

Павлодар облысының үш қаласы мен он ауданындағы бөлімшелердің 300-ге жуық қызметкері қатысты. Жұмыс уақытынан тыс мамандар ХҚКО ғимараттарының айналасын қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеп, қоршаулар мен орындықтарды сырлады.

– Сенбіліктерге қатысу мемлекеттік корпорация ұжымы мен оның аймақтық бөлімшелері үшін игі дәстүрге айналған. Қызметкерлер экологиялық шараларға үнемі қатыса отырып, азаматтық белсенділіктері мен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін көрсетіп келеді, – дейді Павлодар облысы филиалында. 

Айта кетейік, 31 наурызда Павлодар облысында өңір аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту айлығы басталған болатын.