Павлодар ауданының тұрғыны үйден заңсыз алкоголь сатқан

Павлодар ауданының тұрғыны үйден заңсыз алкоголь сатқан

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін сатушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында Павлодар ауданының ауылдарының бірінде алкогольді рұқсат құжаттарынсыз сату фактісі анықталды. 

– Ауыл тұрғыны алкогольді үйден лицензиясыз сатқан. Учаскелік полиция инспекторы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі – кәсіпкерлік қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз және хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді Павлодар аудандық полиция бөлімінің бастығы Жанат Мұсабеков.

Аймақта жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен алкоголь өнімін заңсыз сатудың  50 фактісі тоқтатылып, 35 дүкен иесі тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Айта кетейік, тәртіп сақшылары алкоголь өнімін заңсыз сатуға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде тұрғындармен профилактикалық жұмыс атқаруда.

Фото: Константин Шелков