Екібастұзда әкелер мен балалар квест-ойынында бақ сынады
«Мықтылар додасы» отбасылық квест-ойыны кеншілер шаһарында дәстүрге айналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде Отан қорғаушылар күнінен орай «Мықтылар додасы» отбасылық квест-ойыны әкелер мен балаларды біріктірді. Орталықта әкелер мен ұлдар командалары күш сынасудан, ептіліктен, эрудиция және далада тамақ дайындаудан бақ сынады.
Интернационалист-жауынгерлер, ТЖБ қызметкерлері, ардагерлер, СПЧ-2-нің өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрлыбек Ахметов кездесуді аша отырып, жастар арасында патриоттық тәрбиенің маңыздылығын атап өтті.
- Бүгінгі ұлдар - болашақ жауынгерлер, Отанымыздың қорғаушылары. Ұлдарын нағыз ерлер ісінде әрдайым қолдайтын әкелерге алғыс айтамыз, - деді ол.
Байқауға туристік бағдарлау бойынша квест-жарыстарға эстафеталар оның ішінде велосипедпен жүру, садақ атудан турнир, дала асханасындағы сынақтар енгізілді.
Квест қорытындысы бойынша әр командаға Екібастұз қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұсынған марапаттар табысталды.