Тереңкөл ауданының өнерпаздары бас сахнада өнер көрсетеді
Ал сенбі жексенбі күндері павлодарлықтарды тамаша би кеші мен тарихи фильм күтіп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәлімдеді.
Ертең Ertis Promenade сахнасында Тереңкөл ауданының өнерпаздары павлодарлықтарға арнап тамаша өнер кешін ұсынбақ. Концерт 14 шілде күні сағат 20:00-де басталады. Ал осы күні сағат 9:00-10:00 аралығында дәстүрлі тегін жаттығу ұйымдастырылады.
15 шілде күні қала тұрғындары мен қонақтарын 80-90 жылдардағы би кеші күтуде. Басталуы 20:00.
Сонымен қатар, 16 шілде күні сағат 20:00-де аймақ тұрғындары "Ұлы дала таңы" атты тарихи фильмді ашық аспан астында тамашалай алады.
Демалысты тиімді әрі көңілді қткізгіңіз келсе, төменгі жағалаудағы бас сазнаға келіңіз. Талай қызық осында болады.