Павлодарлықтарды витраждар жасауға тегін үйретеді

Павлодарлықтарды витраждар жасауға тегін үйретеді
Фото: Ольга Бугаева

Бұл шеберлік сағаты «ART-STUDIO» жобасы аясында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «ART-STUDIO» жастар жобасы аясында «Тиффани» техникасында витраждар жасау шеберлік сағаты өткізіледі. Аталмыш тәжірибе сағатында суретші-педагог, Павлодар көркемөнер колледжінің оқытушысы Раджан Кастенич өз шеберлігімен бөліседі.

 –«Тиффани» бірегей техникасын пайдалана отырып, таңғажайып өнер туындыларын жасауды үйретеміз. Бұл шеберлік сағаты сіздерге шығармашылық әлемге еніп, өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді,–дейді кітапханада. 

Айта кету керек, орындар саны шектеулі. 8(747)379-49-04 нөмірі бойынша алдын ала тіркелу қажет. Шеберлік сағатына қатысу тегін.