«Балапаным»: павлодарлық рэпер ең қымбат жандарға ән арнады

Релиз күні авторға үш есе қуаныш сыйлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында және өңір шегінен тысқары танымал болған майқайыңдық музыкант, рэпер, әнші әрі автор Аман Тойлат Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жаңа әнінің тұсауын кесті.
Аман «Балапаным» әнін осы шығарманы жасауға түрткі болған екі қызы – Томирис пен Айриске арнаған. Оны жазу кезінде екінші бала әлі туылған жоқ. Трек үш ай бойы дайындалды, бастапқыда сәбидің туған күнінде шығарылуы керек еді, бірақ автор оны балалардың мерекесінде шығаруды жөн көрді.
— Бүгін балалар күні, әнім жарыққа шықты, сонымен қатар менің жаңа туған қызым қырқынан шығарылды – мен үшін бір күнде үш мереке, — деп қуанды Аман Тойлат.
Әннің сөзін жазуға Аманның досы Зейнекен Райымбек көмектесті. Ал инструменталды екібастұздық музыкант Ақжан Қабдылхәкім ойлап тапқан, әнде оның саксофон партиясы ерекше естіледі.
Қазіргі таңда «Балапаным» әні ел арасында танымалдыққа ие болуда: Қазақстан бойынша шамамен 800 мың адам осы әннің үзіндісіне балаларын видеосына түсірген. Трек бір күнде 30 мың жүктеу жинап үлгерді.
Жақын арада Аман Тойлат бұл әнге бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр.
Әнді еліміздегі барлық музыкалық платформалардан тыңдауға болады, жақында Halyq radio мен FM radio толқындарынан да шырқалатын болады.