Ертістің ортасындағы құмның қайдан шыққанын түсіндірді
Әлеуметтік желі қолданушылары өзеннің таязданып бара жатқаны алаңдатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, экология және су ресурстары басқармасының баспасөз қызметі дабыл қағуға негіз жоқ екенін айтты.
– Ертістегі құмды аралдың пайда болуы бұл өзенге тән табиғи қасиет. Сондықтан бұл жағдайдан қорқудың қажеті жоқ. Өзен ағысы бағытын өзгеруіне байланысты осындай құбылыс орын алған, – деп түсіндірді басқармада.
Олардың айтуынша, кеме жүретін арнаны тазарту кезінде құмды өзенге лақтырады. Соның салдарынан ағыспен шайып кететін аралдар пайда болады.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, 2020 жылдан бері Ертіс өзені суының деңгейі төмендеп барады.