Шарбақтыда ерлі-зайыптылар аудан әкімінің сайлауын қарқынды қолдап жатыр

Шарбақтыда ерлі-зайыптылар аудан әкімінің сайлауын қарқынды қолдап жатыр
Фото: Константин Шелков

Дауыс беруге келген жанұялар  #отбасымменбіргедауысбердім атты хэштегімен естелікке суретке түсуге асықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өздерінің егде жасына қарамай Хациевтер әулеті сайлауға үнемі барып тұрады. Бүгін де олар №473 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады.

Аудан әкімдерінің сайлауын баяғыдан бері өткізу керек еді. Мен бұл жаңалықты қуана қолдаймын,– деп бөлісті 76 жастағы Мақшәріп Хациев. – Бір үміткермен сөйлесіп, өз ойымды айтып бердім. Біз сияқты қарттарды ұмытпай, жағдайларымызды жақсартсын деген ниетті білдірдім. Бұған дейін болған әкімді тек жақсы сөзбен, ізгі ниетпен еске алып жүреміз. Ол біршама көшеге асфальт төсеп салып үлгерді.

Сайлау учаскесіне Александр мен Татьяна Медведенко ерлі-зайыпты келіп, дауыстарын берді.

Сайлауға әрқашанда бірге барып тұрамыз. Балаларымыз әлі кішкентай. Дауыс беріп, тек жақсылықты күтеміз,– деді Александр Медевденко.

Еске сала кетейік, Шарбақты ауданына 26 сайлау учаскесі 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Аудан бойынша 12 897 сайлаушы бар.