Жылына 15 фильмге қазақша дубляж жасалады – Оралов

Жылына 15 фильмге қазақша дубляж жасалады – Оралов

Қазақша дубляжға деген сұраныс бар, жылына 3-4 фильм шығару аз. Үкімет кулуарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кинотеатрлардағы қазақша дубляждың неге тоқтап қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің 7 жылдық даму жоспары бекітілді. Былтыр 3-4 фильмнің дубляжы жасалған болатын. Бірақ біз тұжырымдамаға басқа көрсеткіштерді енгіздік. Енді жыл сайын дубляжданатын фильмдердің саны үш есеге көтеретін боламыз. Яғни жыл сайын 15 фильм ұсынылады,  деді ведомство басшысы.

Биыл 15 фильмді дыбыстау жоспарда бар. Алайда министр тұжырымдаманың бекітілгеніне екі ай ғана болғанын алға тартты.

Қазіргі таңда конкурстық рәсімдеу жұмыстары өткізіледі. Біз 5 жылдың ішінде 75 киноның дубляжын өткіземіз деп жоспар құрдық. Бұрын мұндай көрсеткіш болған жоқ. Келесі жылдан бастап ең мықты деген фильмнің дубляжы ұйымдастырылады, деді Асхат Оралов.