Павлодарда бірқатар тұрғын үйде бір күнге су өшіріледі

Павлодарда бірқатар тұрғын үйде бір күнге  су өшіріледі
Фото: pexels.com

«Павлодар-Водоканал» ЖШС Диспетчерская шағын ауданының тұрғындарын алдын ала су алып қоюды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша 109 бірыңғай қызметінің мәліметінше, су құбыры желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 23 қаңтарда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру тоқтатылады: 

Ломов көшесі, 177, 177/1, 179, 179/1, 179/2, 179 А 

Қамзин көшесі, 163, 165, 167, 169 

Гагарин көшесі, 76, 78, 80, 82.