Павлодарлық ҚХА мүшесі 16 желтоқсанның маңызын атап өтті
Қазақта қалыптасқан патриотизм мен еңбекқорлыққа жоғары адамгершілік қасиеттер мен жанқиярлыққа негізделген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Somang облыстық корейлер қауымдастығы қоғамдық бірлестігнің төрағасы Людмила Пак егемендік арқасында бүгінде қандай ел болып қалыптасқанын атап өтті.
– Тәуелсіздік бұл – ортақ мереке. Бұл күні егемендік алу жолында қандай қиыншылық көргенімізді еске алып, өткеннен сабақ алып, жіберген қателіктерді ескеріп, түсіну керек. Сол кезде ғана қоғамдық дамудың жолында өзгеретін боламыз,– деді Людмила Пак.
Оның ойынша қазақ батырларын, ойшылдарын жасаған игі істерін жастарға жеткізу керек. Ол арқылы болашақ ұрпақтың дұрыс, жаңа мінез-құлық үлгісі қалыптасады. Бұл ретте Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз жұмысын жасауда.
– Егемендік өздігінен нығая бермейді. Ол үшін Қазақстанның әрбір азаматы оның этникалық және діни қатыстылығына қарамастан жауапты болады. Біз ұлттық мүдделерді, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды қорғауымыз керек,– деді Людмила Пак.
ҚХА мүшесі тәуелсіздікті нығайту мен қоғам игілігі жанын беруге дайын болу үшін адам ең алдымен өзінен бастау керек деген ойда.