Павлодарда үш апта бұрын жоғалған әйелді іздестіру шаралары жалғасуда

Павлодарда үш апта бұрын жоғалған әйелді іздестіру шаралары жалғасуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Хабар-ошарсыз кеткен Анна Шалдоеваны іздеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Vita» еріктілер ұжымы өкілдерінің сөзінше, 1 маусым күні жоғалған әйел адамды іздестіру жұмыстары тығырыққа тірелген. Еріктілер тобы күн сайын полиция қызметкерлерімен бірлесіп, келіп түскен барлық деректерді өңдеп отырғанын алға тартты. Алайда, нәтиже жоқ.

Бағдарынан жаңылған Анна 1 маусым күні аяқ киіміне пакеттер тағып, қаланың «Лесозавод» аумағы көшелерінің бойымен абдырап жүргені белгілі. Бұл деректер бейнебақылау камералары және куәгерлердің пікірімен расталды, – дейді «Vita» іздестіру ұйымында. 

2 маусым күні әйел адам Жаңауыл кентінде байқалған. Ол демалып жатқан адамдар тобынан су сұраған. Демалушылардың айтуынша, Аннаның аяғында тек пакеттер болған. Кейін, 9 маусым күні, дәл сол ауыл маңында қайта байқалған. Бірақ бұл деректер расталмаған.

Белгілері: бойы 160 - 165 см, көздері қоңыр, шашы қошқыл сары.

Еріктілер қала тұрғындарынан егер де Анна Шалдоеваны көрген жағдайда +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана)  whatsapp нөмірлеріне бірден хабарлауды өтінеді.

Ислам Достов