Өмірді құтқару миссиясы: Павлодар жігіттері ТЖМ әскери бөліміне шақырылады

Өңірде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осы жұмыс аясында облыстық төтенше жағдайлар департаменті жастарды Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің Семей қаласында орналасқан №68303 әскери бөлімінің құрамында мерзімді әскери қызмет өткеруге қабылдауда.
– Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері – бұл жай ғана әскери бөлімшелер емес, олар төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде, яғни табиғи апаттардан бастап техногендік апаттарға дейін, кез келген уақытта көмекке келуге дайын ТЖМ жедел резерві болып табылады. Мұнда әр күн – бұл нақты тәжірибе жинау және ел қауіпсіздігіне қосқан үлкен үлес, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
ҚР ТЖМ әскери бөлімдеріне кандидаттарды іріктеу кезінде әскерге шақырылушылардың физикалық дайындығы, денсаулық жағдайы және жеке қасиеттері ескеріледі.
Сондай-ақ, жастармен түсіндіру жұмыстары, кездесулер, әңгімелесулер және кәсіби іріктеулер өткізіледі.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 14 жас ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінде қызмет етуге ниет білдірді. Аталған жұмыстар әлі де жалғасуда.