LowKzMeet-ке барасыз ба? Ertis Pavlodar ипподромына арнайы автобустар шығарылды
Автофестиваль 5 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда осы күздегі ең ауқымды шараның бірі - автоәуесқойларға арналған LowKzMeet автофестивалі өтеді.
Іс-шара сағат 13:00-де Ertis Pavlodar ипподромында басталады.
Фестивальге келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың бірнеше нүктесінен ипподромға арнайы автобустар ұйымдастырылады.
Автобустар келесі локациялардан қатынайды:
Теміржол вокзалы;
Дачный шағын ауданы – Қамзин көшесі мен Ладожская көшесінің қиылысы;
Усолка шағын ауданы – «Greenwich» супермаркеті, Ткачев көшесі, 10/4;
Кривенко көшесі, 25;
М. Жүсіп атындағы мешіт – Н.Назарбаев даңғылы мен Қайырбаев көшесінің қиылысы;
Прибрежный шағын ауданы.
Ипподром бағыты бойынша автобустар сағат 12:00-де жүреді. Ал іс-шара аяқталғаннан кейін сағат 21:15-те автобустар қалаға кері қайтады.
Ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтарын фестивальге қоғамдық көлікпен ыңғайлы жету үшін арнайы автобус бағыттарын пайдалануға шақырады.