Павлодарлықтар мереке күндері электр энергиясын қайда төлей алады?

Павлодарлықтар мереке күндері электр энергиясын қайда төлей алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ сервистік орталықтары мен төлемдерді қабылдау пункттерінің жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталықтар 7 наурыз күні қысқартылған режимде жұмыс істейді – 8:30-дан 13:00-ге дейін. Ал 8-9 наурыз күндері қызмет көрсетілмейді.

10 наурыз күні сервистік орталықтар мен төлемдерді қабылдау пункттері келесі мекенжайларда жұмыс істейді:

Павлодар қаласы:

  • Кривенко көшесі, 27 – 9:00-ден 14:15-ке дейін;
  • Ломов көшесі, 160 – 9:00-ден 14:15-ке дейін;
  • Ак. Сәтпаев көшесі, 101 – 9:00-ден 13:45-ке дейін.

Ақсу қаласы:

  • Вокзал көшесі, 11 – 9:00-ден 13:45-ке дейін;
  • Камзин көшесі, 33 – 9:00-ден 14:15-ке дейін.