Майқайыңда ер адам жүк тиеу машинасының дөңгелегі астында қаза тапты
Жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға «Майқайыңалтын» АҚ-ның 140 метр тереңдігінде болған. Жүк тиеу және жеткізу көлігінің жүргізушісі артқа қарай келе жатып, 32 жастағы механикті басып өтті. Көлік астында қалған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.
Қайғылы оқиғаны Павлодар облысының еңбек басқармасы растады.
– Тергеу жүргізілуде, оның себептері мен жағдайлары тергеу нәтижелері бойынша анықталатын болады, – деді ведомствода.
Полицейлер жүргізушінің кім екенін анықтады.
– Полиция бөліміне техниканың жүргізушісі жеткізілді. Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Тәртіп сақшылары да оқиғаның себебі мен егжей-тегжейлерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.