Павлодар облысында қатты дауылдан жарық бағандары құлады

Павлодар облысында  қатты дауылдан жарық бағандары құлады

Оқиға орнына арнайы қызметкерлер шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазавтожол» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты дауыл салдарынан 19 маусым күні Астана - Ерейментау - Шідерті тас жолында көшедегі сыртқы жарықтандырудың алты бағаны құлаған. 

– Электр қуаты өшіріліп, бағандар жолдың жиегіне  шығарылды, – дейді баспасөз қызметінде.

Қазгидрометте бүгін Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғатыны туралы хабарлаған болатын. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте 15-20, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с  дейін соғады.