Павлодарда бопсалаушылардың қылмыстық тобын ұстады
Зардап шеккендердің саны әзірге жарияланбайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство аймақтар бойынша осындай құқықбұзушылықтардың тізімін ұсынды. Бұл тізімде Павлодар да бар.
– Павлодарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталды. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартты, – деді облыстық полиция департаментінде.
Ұстау 6 қаңтар күні жүргізілді. Кейін белгілі болғандай, қылмыскерлердің бірі кәмелетке толмаған. Тергеу мүддесіне байланысты іс туралы толық мәліметтер әзірге жарияланбайды.