Павлодарлық өнерпаз оқыған Міржақып Дулатовтың өлеңі көптің көңілінен шықты
Ол «Абақтыдағы айт күні» шығармасын мәнерлеп оқыды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайының мәліметінше, «Амплуа» театр студиясының тәрбиеленушісі Әбиба Қамза «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен І республикалық «Оян, қазақ!» байқауына қатысты.
Аталмыш байқау қазақ ақыны, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың шығармашылығына арналған болатын.
Әбиба «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша М. Дулатовтың «Абақтыдағы айт күні» шығармасын дайындап, екінші дәрежелі дипломға ие болды. Ұйымдастырушылар жеңімпазды дайындағаны үшін «Амплуа» театр студиясының педагогі Жақсыбек Ешімқұловке Алғыс хат табыстады.