Павлодар ауданының жастары Отан қорғаушылар күніне орай челлендж бастады
Облыстың кез келген тұрғыны онлайн челленджге қосыла алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар ауданының «Олжа» жастар бастамаларын дамыту орталығы Отан қорғаушылар мерекесіне орай «Салауатты ұлт - ел қорғаны» онлайн челленджін ұйымдастырады.
– Тартылу, гір көтеру, отырып тұру итеру және басқа да жаттығулар бейнеге жазып алу қажет. Ең басты мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,– деді орталықта.
Челлендж Instagram әлеуметтік желісінде #салауаттыұлтелқорғаны атты хэштегпен өтеді.