Павлодар облысында ХҚКО-лар Наурыз мерекесінде қалай жұмыс істейді?

Павлодар облысында ХҚКО-лар  Наурыз мерекесінде қалай жұмыс істейді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кезекші орталықтар 25 наурыз күні түске дейін істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

109 бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, Наурыз мерекесінде, яғни 21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.  

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.