Ақтоғай ауданында қарт азаматтарға волонтерлік көмек көрсетілді

Аталмыш бастама Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында Ақтоғай ауданында AMANAT «Ардагерлерді ардақтайық» партиясының әлеуметтік маңызы бар жобасы іске асырылуда. Ол үйде қарт азаматтар үшін көшпелі медициналық тексерулер мен дәрігерлік консультациялар жүргізу болып табылады.
Акция ардагерлер, тыл еңбеккерлері және басқа да егде жастағы азаматтар үшін білікті медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жайлы және таныс өмір сүру жағдайында олардың денсаулығының жай-күйіне көңіл бөлу және қамқорлық көрсетуге бағытталған.
Құрамына әртүрлі бейіндегі мамандар кіретін Ақтоғай аудандық ауруханасының медициналық бригадасы кешенді тексерулер жүргізеді және созылмалы аурулардың алдын алу және емдеу мәселелері бойынша жеке ұсыныстар береді.
Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жас қанат» ЖРО және «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері үйлердің аумағын қоқыстан тазартуға көмек көрсетеді.
Бұл бастаманы іске асыру егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етіп, мемлекет пен қоғамның Ұлы Жеңіске баға жетпес үлес қосқан ұрпаққа ерекше назар аударатынын атап көрсетеді.