Павлодар ауылында ер адам күлді үйінің сырт жағына жинаған

Бұл абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғынымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндірді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері күн сайын қоршаған ортаны абаттандыру ережелерінің бұзылуын, қоғамдық орындарды ластаудың алдын алу бойынша шаралар жүргізуде.
Іс-шараның мақсаты — кез келген құқықбұзушылыққа қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру. Күн сайын рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарға рейдтер ұйымдастырылып, белгіленбеген жерлерге қоқыс пен ағынды су төгетін тұлғаларды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
– Акция басталғалы бері полицейлер абаттандыру ережелерін бұзу, қоқысты заңсыз төгу, қоғамдық орындарды ластау және басқа да құқықбұзушылықтардың шамамен 12 мыңға жуық дерегін анықтады. 25 рұқсат етілмеген қоқыс орны тіркеліп, уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданды. Соның нәтижесінде 16 қоқыс үйіндісі жойылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын бейжай қарамауға, акцияға белсенді қатысып,қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырады.