Павлодарда Анатолий Кинді еске алуға арналған дрифт-такси өтеді

Павлодарда Анатолий Кинді еске алуға арналған дрифт-такси өтеді
Фото: pexels.com / cnrdmroglu

Көрермендер автошоуға тегін қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ритм РК» қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, 3 қазан күні Павлодарда дрифт-такси ұйымдастырылады. Автошоу METRO сауда орталығының автотұрағында сағат 15:00-де басталады.

Іс-шара павлодарлық жас автоспортшы Анатолий Кинді еске алуға арналады. Оны «Ритм РК» қоғамдық бірлестігі қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады.

Анатолий Кин 2024 жылы 16 жасында қайтыс болған. Жас автоспортшы Алматыдағы дрифт жарысынан Павлодарға қайтып келе жатқанда Қарағанды облысындағы жол апатынан қаза тапты. Оның әкесі де көлікте болған. 

Анатолий автоспортпен бала кезінен айналысып, жарыстарға қатысқан. Оның қазасынан кейін Павлодарда жас спортшыны еске алуға арналған автоспорттық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.