Павлодар облысы бөлшектенген бюджетке көшеді

Павлодар облысы бөлшектенген бюджетке көшеді
Фото: Константин Шелков

Өңір басшысы тәжірибенің сәтті болатынына сентін айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қойылған сұраққа жауап берді.  

Қыркүйек айында Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында облыс билігіне бюджетті жоспарлаудың жаңа нысанын қабылдауды тапсырған болатын.

– Облыстық деңгейде біз бүгін бөлектенген бюджет элементтерін енгізуге мүмкіндік таптық. Бұл қала және аудан әкімдеріне көптеген өзекті мәселелерді жергілікті жерлерде жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе сәтті болатынына сенімдімін, – дейді Асайын Байханов. 

Қалалар мен аудандардың әкімдері 2024 жылы 7,7 миллиард  теңгеге 200-ден астам жобаны іске асыруға өздері шешім қабылдады. Жобалардың қатарында көшелер мен ауылішілік жолдарды, коммуникация желілері мен ауыл клубтарын жөндеу, балалар немесе спорт алаңдарын, шағын футбол алаңдарын орнату, саябақтарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру жұмыстары бар.