Павлодар облысында үздік АӘД мұғалімі анықталды
Мұғалімдер алғашқы әскери дайындық бойынша даярлық пен жеке тапсырмаларды орындаудан сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«АӘТД Үздік оқытушы-ұйымдастырушысы» облыстық конкурсына аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары өтті. Сынға жалпы 12 оқытушы қатысты. Шараның мақсат – шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты оқытушы-ұйымдастырушылардың бастапқы әскери және технологиялық даярлық мәртебесін арттыру. Өңірлік дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық оқу-тәжірибелік орталығының ұйымдастырған байқау Қабанбай батыр атындағы облыстық «Жас сарбаз» мектебінде өткізілді.
Конкурс шарттары бойынша қатысушылар бастапқы әскери және технологиялық даярлық бөлімдері, уақытқа автоматты толық бөлшектемеу және құрастыру, пневматикалық мылтықтан ату, жалпы әскери қорғаныс киімін кию, саптық даярлық бойынша 70 сұрақтан тұратын жеке тест тапсырмаларын орындады.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Павлодар қаласы А. Шамкенов атындағы мектептің алғашқы әскери және технологиялық даярлығының оқытушы-ұйымдастырушысы Юрий Антонов иеленді.
– Конкурс мен үшін нағыз кәсіби өсу мектебіне айналды. Бұл жерде АӘТД үздік оқытушы - ұйымдастырушыларымен жұмыс тәжірибесімен алмасу мүмкіндігі туды, – дейді жеңімпаз.
Юрий Антонов мектепте 9 жыл жұмыс істейді. Биыл ол өскелең жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін «Сардар – 2024» облыстық конкурсында АӘТД оқытушы-ұйымдастырушылары арасында II орын алып, өңірлік дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығының грамотасымен марапатталды.